Түркістан музыкалық драма театры
2021 жылдың 11 мамырында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылдың соңында аяқталды. Театр 4 қабаттан тұрады, аумағы 11 000 шаршы метрді құрайды, көрермен залы 511 адамға арналған.
2021 жылдың 16 сәуір күні белгілі продюсер, «Фариза» спектаклінің авторы Айнұр Көпбасарова театрдың директоры және көркемдік жетекшісі болып тағайындалып 2024 жылға дейін қызмет жасады. Театр ұжымы негізінен А.Я.Ваганова атындағы орыс балетінің академиясы мен А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірген жас балет әртістерінен тұрады. Актерлік құрамның басым бөлігі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен жергілікті Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған.
Түркістан музыкалық драма театрының алғашқы маусымының премьерасы 2021 жылдың 9 қазанында драматург Дулат Исабековтың “Бөрте” спектаклімен ашылды.
Қазіргі таңда театр репертуарында 11 спектакль бар. Ұжымға артистер мен балет труппасынан бөлек осы жылы оркестр мен хор қосылды. Театрымыздың жаңадан құрылған музыкалық ансамблі "Вальс королі" музыкалық драмасында бой көрсетіп, Шәмші Қалдаяқовтың үздік әндерін орындады.