Түркістан музыкалық драма театры

Түркістан музыкалық драма театры

Түркістан музыкалық драма театры 2021 жылдың 11 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылдың соңында аяқталды. Театр 4 қабаттан тұрады және жалпы ауданы 11 000 шаршы метрді құрайды. Көрермен залы 511 адамға арналған.

 

2021 жылдың 16 сәуірінде театр директоры және көркемдік жетекшісі болып Қазақстанның белгілі телевизиялық және театр продюсері Айнұр Көпбасарова тағайындалды.

 

Театр актерлері мен актрисалары әлемнің түрлі оқу орындарында білім алған жас дарынды өнерпаздардан құралған. Жас таланттар театр қабырғасында тәжірибе жинақтап, танымал ұстаздардың шеберлік сабақтарына қатысу, жаңа рөлдер арқылы сахнаға бейімделу мүмкіндігіне ие. Түркістан музыкалық драма театрының актерлері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» өнер академиясы, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Санкт-Петербург қаласындағы А.Я.Ваганова атындағы Орыс балет академиясы, Алматы қаласындағы А.Селезнев атындағы хореографиялық училище және Вена қаласындағы «Belcanto» академиясының түлектері.

Түркістан музыкалық драма театрының алғашқы қойылымы 2021 жылдың 9 қазанында өтті. Театрдың шымылдығы қазақ драматургі Дулат Исабековтің «Бөрте» спектаклімен ашылды.

Қазіргі таңда театр репертуарында 11 спектакль бар. Ұжымға артистер мен балет труппасынан бөлек осы жылы оркестр мен хор қосылды. Театрымыздың жаңадан құрылған музыкалық ансамблі "Вальс королі" музыкалық драмасында бой көрсетіп, Шәмші Қалдаяқовтың үздік әндерін орындады.