Мағжан

Қойылым

Мағжан Жұмабаев – алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын, ғалым, аудармашы. Ол  ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған тұлға. Мағжан өлеңдерін  әлеуметтік мәселелерді көтеруге, халқын өнер-білімге шақыруға, махаббат тақырыбына арнады Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Жұмабаев ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғады, оны өз поэзиясының өзегі етті. Түркі халықтарының бірлігі - Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы болды. 
Ағартушылық саласындағы  өмірі, махаббаты, ұлтқа  адал қызметі, қазақ даласын жайлаған аштық(1921-22 жылдар) «Мағжан»  спектаклінің тақырыбы. Көрермен спектакльден  жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елінің ауыр хәлі үшін шексіз азап шеккен, басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көреді.

 «Мағжан» спектаклі  идеясының  авторы және көркемдік жетекшісі - Айнұр Көпбасарова,  қоюшы режиссері-Davide Livermore (Италия) режиссер - Chiara Ocella, сценограф - Eleonora Peronetti, координатор-Deidda Petra композиторы-Хамит Шанғалиев, балетмейстері – Мадина Муратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова.

Өткен жылы ғана ашылған жас театрдың  актерлер құрамы да 25 жасқа дейінгі жастардан құралған. «Мағжан» пьесасын  жазып театрға ұсынған жас драматург –Алмас Нүсіп.  Рольдерде ойнайтын актерлердің дені жастар. Мағжан Жұмабаев өзі жырлап өткендей «Мен жастарға сенемін» идеясы Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында жалғасын табады десек артық айтқандық емес.  Жастар - болашаққа бастар нақты істердің темірқазығы. Жастар қолдауы – мемлекеттің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш.

Спектакльдің ғылыми кеңесшісі: ҚР ҰҒА Академигі, тарих ғылымдарының доқторы, алаштанушы, профессор Мамбет Қойгелдиев.

 Ролдерде ойнайтын артистер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Карменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарабалин Сағызбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан, Әли Марат, Әйгерім Қайратқызы және Түркістан музыкалық драма театрының артистері.

01
қаңтар
Бейсенбі
06:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
Мағжан
Қойылым
Билет сатып алу
01
қаңтар
Бейсенбі
06:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
Мағжан
Қойылым
Билет сатып алу
12
қараша
Сенбі
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
Мағжан
Қойылым
Билет сатып алу
13
қараша
Жексенбі
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
Мағжан
Қойылым
Билет сатып алу
04
шілде
Сейсенбі
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
Мағжан
Қойылым
Билет сатып алу
01
қаңтар
Бейсенбі
Билет сатып алу
Мағжан
Қойылым
06:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
01
қаңтар
Бейсенбі
Билет сатып алу
Мағжан
Қойылым
06:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
12
қараша
Сенбі
Билет сатып алу
Мағжан
Қойылым
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
13
қараша
Жексенбі
Билет сатып алу
Мағжан
Қойылым
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы
04
шілде
Сейсенбі
Билет сатып алу
Мағжан
Қойылым
19:00
басталуы
2 сағат
ұзақтығы