Келіндер көтерілісі

Қойылым

Қарау

Өзбекстанның талантты драматургі Саид Ахмадтың қырық жылдан астам тарихы бар «Келіндер көтерілісі» комедиясы Түркістан музыкалық-драма театрының сахнасында заманауи келбетке ие болды. Жас режиссер Дәурен Серғазин көрші отырған екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын тиімді пайдаланып, қазақстандық көрермендерге арнап, жаңаша сипатта музыкалық комедия қойды. «Келіндер көтерілісі» комедиясында Түркістан шаһарындағы бір отбасының өмірі қамтылады. Фатима ана жеті ұлын жеті қызға үйлендіріп, бір шаңырақтың астында ұстайды. Оның қаталдығына шыдамай, жаңа түскен кіші келіні Нигора абысындарын көтеріліске шақырады. Фатима ана жаңа заманның келіндері енді көнбейтінін түсініп, әрқайсысын бөлек шығарады. Спектакльде ене мен келін арасындағы қарым-қатынастан басқа, қоғамда орын алып отырған отбасылық мәселелер қамтылған.